Әлемдегі ең бақытты елдер тізімі жарияланды. Қазақстан нешінші орында?

1162
Adyrna.kz Telegram

Жыл сайын жарияланатын World Happiness Report-қа сәйкес  әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингі жарияланды. Финляндия жетінші жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингінде көш бастап тұр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құжатты БҰҰ тапсырысы бойынша сарапшылар тобы дайындап жатыр. Скандинавиялық елдер рейтингте тағы да ең жоғары орындарды иеленді. Атап айтқанда, Дания екінші, Исландия үшінші, Швеция төртінші орында тұр.

Ал Қазақстан – 49, Ресей - 72, Армения – 82, Украина – 105 орынға жайғасты. Рейтингті соңғы болып 143-орында тұрған Ауғанстан аяқтады.

Дүниежүзілік бақытты елдер рейтингін құрастырған кезде сарапшылар жан басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандықтардың сақталуы, жұмыс орындарының қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлық деңгейі және т.б. сияқты көрсеткіштерді ескереді.

Пікірлер