«Қазтеміртранстың» үш қызметкері мен 16 кәсіпкер пара алғаны үшін сотталды

1478
Adyrna.kz Telegram

«Қазтеміртранс» компаниясының үш қызметкері мен 16 кәсіпкер пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеп.

«18 наурызда қылмыстық іс сотта қаралды. Сот үкімімен «Қазтеміртранс» АҚ төрт қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны, атап айтқанда пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үшеуі түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Іс материалдарына сәйкес, 2019-2022 жылдар аралығында жүктерді тасымалдауға қажетті вагондар тапшылығы жағдайында «Қазтеміртранс» АҚ филиалының лауазымды тұлғалары жүк жөнелтушілер мен олардың өкілдерінен жүк тасымалдауға вагондарды кедергісіз беру үшін пара алған.

Пара берген 16 кәсіпкер де кінәлі деп танылса, оның 15-і өз кінәсін толық мойындап, қылмыстың ашылуына үлес қосып, істеген ісіне өкінгендіктен босатылды.

Кінәсін мойындамаған бір кәсіпкерге 49 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі қылмыстық жаза қолданылды.

«Сыбайлас жемқорлық қылмысын бірінші рет жасаған адамды өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан тек сот қана босатуы мүмкін (ҚК 65-бабы), - деп еске салды прокуратура.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер