"Видеоны желіге таратқан". Алматыда жасөспірімдер ер адамды соққыға жықты

1174
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Алматы облысында жасөспірімдер мас ер адамды соққыға жықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қонаевта бір топ жасөспірім ер адамға шабуыл жасаған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан.
Кадрда жас қыз мас күйінде отырған ересек ер адамды тиісіп, кейін тепкілеген.

Тағы бір бейнероликте мектеп оқушылары өзге ер адамға қатыгездік көрсетіп, оны да соққыға жыққан.

Алматы облысының полициясы бейнеге қатысты түсініктеме берді. Құзырлы органның ақпаратынша бұл оқиға былтыр күзде Қонаевта түсірілген.

"Осы факті бойынша оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, Қонаев полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта қалалық полиция бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер