Халықаралық турнирде қазақстандық төрт боксшы жеңіске жетті

3054
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/11/boks-960x500.jpg?token=3cffc69e2ec2c198114d82ee943735cf
Сербия астанасында өтіп жатқан халықаралық турнирде төрт боксшымыз жеңіске детті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бранко Пешич атындағы дәстүрлі халықаралық турнирдің үшінші күні шаршы алаңға шыққан төрт боксшымыз жеңіске жетті.
Ел намысын қорғауға аттанған Санжар Тәшкенбай мен Дәулет Молдашев қарсыластарынан басым түсіп, халықаралық турнирде финалға жолдама алды. 92 келі салмақта сынға түсіп жатқан Данияр Рахымбердинов пен аса ауыр салмағтағы отандасымыз Олжас Боқаев ширек финалдағы жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Алайда 60 келі салмақта қарсыласымен жұдырықтасқан Бибарыс Жексен армениялық спортшыдан жеңілді.
Комментарии