"Еліктеуге бой алдырмау керек". Тәжікстан президенті қажылыққа аттанатындарға үндеу жасады

839
Adyrna.kz Telegram
Фото: Kun.uz
Фото: Kun.uz

Тәжікстан президенті қажылыққа баратындарға қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Президенттің айтуынша, екінші немесе үшінші рет қажылыққа барғысы келетін тәжікстандықтар өз қаражатын  басқа да қайырымдылық істерге жұмсағаны жөн.

Эмомали Рахмон қажылыққа қайта баратындарға қатысты сөз сөйледі.

«Біз халқымыздың қажылыққа баруына қарсы емеспіз, бірақ мен бұл процесс жаңсақтық, еліктеу және бәсекелестік сипатына ие болмауы керек екенін атап өтемін», - деп келтіреді президент.

Президент «ел тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңде Тәжікстанның 5 миллион тұрғынының 29-ы ғана қажылыққа барғанын» айтты. Алайда 2023 жылы 63 мың Тәжікстан азаматы үлкен қажылық пен кіші қажылық жасап, оған жалпы сомасы 1,2 миллиард сомониден (48 млрд теңге) астам қаржы жұмсаған.

Пікірлер