Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

905
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Онда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асырудың негізгі тәсілдерін жаңарту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы қаралып жатқан мәселелердің әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға байланысты Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан ерекше маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың есебі тыңдалып, бірқатар тиісті мемлекеттік органдардың басшылары ақпарат берді.

Президент Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы азаматтар мен, тұтастай алғанда ,мемлекеттің қауіпсіздігі мәселелері олардың қызметінің басым бағыты ретінде Үкімет пен барлық ведомстволардың назарында болуы тиіс екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша, ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер