Динара Закиева мәжілісмендер қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы туралы айтты

929
Adyrna.kz Telegram

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Мәжілісте қабылданған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы туралы пікір білдірі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бүгін біз Президент тапсырмасымен мемлекеттік органдармен, депутаттармен және ҮЕҰ-ның қатысуымен бірнеше ай бойы жұмыс істеген әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Жыл басында Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі ең маңызды қағидат — қоғамда бұл зұлымдыққа нөлдік төзімділікті дамытуды атап өтті. Осы постулаттың іске асырылуы зорлық-зомбылық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ететін осы Заң жобасы бола алады", - деді Зәкиева.

Бұл ретте, заң жобасында кешенді тәсіл көзделгенін атап өту маңызды:
Біріншіден, бұл келесілерге бағытталған:
- алдын алу шаралары; Отбасын қолдау орталықтарын әр ауданда ашу; Балаларды психологиялық қолдау орталықтарын ашу;
- қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру құзыретін бекіту;
- агрессормен психологиялық жұмыс (ҚР ҚК ерекше талаптар институтын енгізу аясында);
- зорлық-зомбылыққа, буллингке тап болған балаларға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу құзыретін бекіту.
Екіншіден:
- зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке жатқызу;
- балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны қатаңдату:
атап айтқанда, азаптау (мақаланың жаңа редакциясы); денсаулыққа ауыр, орташа зиян келтіру үшін; кәмелетке толмаған адамды ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру үшін;
- бала зорлау үшін бас бостандығынан тек өмір бойына ғана айыру;
- «Балаға жыныстық сипатта тиісу» бабын енгізу;
- балаға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарды тергеу әрекеттері кезінде қамауда ұстау;
- балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізу (МӘМ, лагерьлер);
- баланы автобустан мәжбүрлеп түсіріп тастау үшін жауапкершілік енгізу;
- буллинг үшін жауапкершілік және т. б.
"Заң жобасының жекелеген нормалары әлі де талқыланады және бұл ретте зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің ешқалай түсіндірілмейтінін және ақталмайтынын есте ұстаған жөн. Бұл, меніңше, бірауыздан келісілген қағида және қоғам үміті, петициялар, үндеулер мен ең өкініштісі - әр көрсеткішінің артында бала немесе оның анасының өмірі тұрған жантүршігерлік статистика бұған дәлел. Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоя алатын тиімді және жұмыс істейтін заң қабылдауымыз маңызды", - деп жазды Динара Зәкиева.
Пікірлер