Азамат Сатыбалды қос кеңесшісін таныстырды

991
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Басы дауға қалған Азамат Сатыбалды кеңесшілерін сайлады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы президенті Азамат Сатыбалды екі кеңесшісі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек Қазақфильм ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол Қазақфильмнің шығармашылық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар", - деп жазды актер Азамат Сатыбалды Instagram желісіндегі парақшасында.

Одан бөлек, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм»  киностудияның өндірістік бағытын қадағалайтын кеңесші тағайындалған.

Белгілі продюсер Еркебұлан Күрішбаев Қазақфильм ұлттық қиностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Еркебұлан Қазақфильмнің өндірістік бағытын қадағалайтын болады. Еркебұлан студиямыздың дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін, - деді президент.

Еске сала кетейік, Азамат Сатыбалды желідегі парақшасында Қытайдың су жаңа көліктерін жарнамалап жүрген болатын. Оның үстіне Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм”  киностудиясының аумағында қытайлық көліктер қаптағаны туралы ақпарат тарады.

Пікірлер