“Жақын арада Ресейге жұмысқа оралуым мүмкін” – Магомед Адиев

3198
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге қайта оралу мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бапкер өзі мәлімдеді.

«Маған ресейлік клубтардан ұсыныстар түсті. Бірақ мен циклді [Қазақстан құрамасымен] аяқтауым керек, сосын әрі қарайғы шешімді сол арқылы қабылдаймын. Мен өз сөзімнен қайтпаймын: мен плей-офф ойынын ойнағым келеді.

Әрине, жақын арада Ресейге жұмысқа оралуым мүмкін екенін мойындаймын. Бірақ мен бұл туралы армандаймын деп айта алмаймын. Мен әрқашанда нақты әрекет етемін. Қазір Қазақстан құрамасында барлығына толық көңілім толады. Бұл команда маған көп нәрсе берді, мен де оларға бірдеңе бердім деп үміттенемін. Бар ойым алдағы ойындарда», – деп айтты бапкер.

Айта кетейік, Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуір айынан бері басқарып келеді. Бұған дейін «Ахмат», «Анжи» және басқа да ресейлік клубтарда жұмыс істеген.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер