“Жігіттердің төресі”. Есенқұл Жақыпбековтің туғанына - 70 жыл

3075
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Бүгін – айтыскер ақын, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, “Жігіттердің төресі” әнінің авторы Есенқұл Жақыпбековтің туған күні.

Есенқұл Жақыпбеков 1954 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген.

1990 жылы ҚазМУ- ді бітірген.

Өмірінің соңында Жамбыл ауданының "Атамекен" газетінің бас редакторы болды.

1984 жылы республика телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды.Алғашқы жырлары 1984 жылы "Жалын" баспасынан шыққан "Қарлығаш" атты жинаққа енді.
"Ағымнан жарыламын" (1986), "Біз екеуміз" (1990), "Жеріңе табын" (1994), "Жанқисса" (1996), "Есіл дүние-ай", "Біздің елдің жігіттері" (1999), "Бұл жаз да өтер" (2001), "Тау басында кәрі қар", "Тазқара құстың тағдыры" атты өлең жинақтары жарық көрген.

"Алдай-ау", "Өзіңді аңсап", "Бақ пенен қызыр қонса да", "Өнер адамы", "Жұлдыздар бәрін болжайды", т.б. көптеген ән-термелері де ел арасында кеңінен таралған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер