Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағын жеңіп алды (ВИДЕО)

1941
Adyrna.kz Telegram
Сурет: opennews.kz
Сурет: opennews.kz

Аса жеңіл салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін пәкстандық Рома Юсафпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

8 раундқа жоспарланған жекпе-жек Әзербайжан астанасы Бакуде өтті. Лукас бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WIBA әлем титулын иеленді.

Айта кетейік, осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол WBC International және UBO чемпиондық белбеулерін де жеңіп алған болатын.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Angelina Lukas (@angelina_lukas1997)

<

Пікірлер