Елімізде Арқан тартыс федерациясы құрылды

1974
Adyrna.kz Telegram
Фото: jas.kz
Фото: jas.kz

Қазақстанда ұлттық спорт түрі Арқан тартыс федерациясы қайта құрылды. Бұл туралы  Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жаңадан құрылған федерация Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына еліміздің арқан тартыс командасын жасақтайды. Осыған орай еліміздің 5 облысында іріктеу жарыстары өтеді», - делінген хабарламада.

Арқан тартыс бұл күнде әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді.

Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі. Аталған спорт биыл елімізде өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген.

Жаңадан құрылған Республикалық федерация президенті болып Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы тағайындалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер