Ыстамбұлда бетперде кигендер шіркеуге келушілерге оқ жаудырды

1273
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Ыстамбұлда белгісіз біреулер адамдарға оқ атты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі  NTV Haber-ге сілтеме жасап.

Ыстамбұлда католик шіркеуінің келушілеріне бетперде киген екі белгісіз адам оқ жаудырған.

Шабуыл Ыстамбұлдың Сарыер ауданындағы Санта-Мария итальялық католик шіркеуінде жексенбілік діни рәсім сәтінде болған.

Түркия ІІМ мәліметінше, бір адам оқиға орнында қайтыс болды.

"Біз бұны зұлымдық деп ойлаймыз. Бұл істі ауқымды тергеу басталды және оларды ұстауға күш салынуда", - деді Түркия ІІМ басшысы Али Ерикая.

 

Пікірлер