СҚО-да мемлекеттік қызметкердің жемқорлыққа қарсы тергеп-тексеруден кейін өз-өзіне қол жұмсағаны айтылды

1362
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеп-тексеруінен кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Білім басқармасы басшысының қарамағындағы қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде жауап алуға қатысып, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Өйткені, бұл дерек бізге де беймәлім. Ол іске тек куәгер ретінде қатысқан болатын», - деді агенттік қызметкері Арман Тілеукенов.

Мемлекеттік қызметшінің іске жан-жақты көмек көрсетіп, облыс бойынша емін-еркін жүріп-тұрғаны айтылды.

«Қазір полицейлер өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деді Тілеукенов.

Пікірлер