Пласидо Доминго 83-ке толарда Димашпен дуэт шырқады

969
Adyrna.kz Telegram
Фото: Virtuosos шоуының Instagram-парақшасы
Фото: Virtuosos шоуының Instagram-парақшасы

Будапеште балалар арасындағы классикалық музыка бәсекесі – Virtuosos V4+ телевизиялық шоуының финалы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген мен испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго конкурстан соң дуэт болып өнер көрсетті. Дуэт Жорж Бизенің 1863 жылғы «The pearl Fishers» операсын орындады.

“Өмір бойы ойымда жүрген, бала кезімнен бір арманым бар еді. Ол – Пласидо Домингомен кездесу, онымен бірге жұмыс істеу болатын. Мен оған былай деп айттым: «Менің музыкаға келуіме сіз себепкер болдыңыз». 5 жасар кезімде менде оның концерті жазылған VHC (видеокассета) болған. Сол кезден бері екеуіміздің кездесетінімізге сеніп келдім. Міне, Будапеште менің сол арманым орындалды. Сол үшін Будапешті жақсы көремін», - деді Д. Құдайберген Virtuosos talent_show жобасына берген сұхбатында.

Жоба барысында опера әншісі халықаралық қазылар алқасының төрағасы. Ал отандасымыз Димаш Құдайберген алғаш рет төрешілер құрамында.

Айта кетейік, опера орындаушысы Пласидо Доминго 21 қаңтарда 83 жасқа, ал жас әнші Димаш Құдайберген мамыр айында 30 жасқа толады.

Естеріңізде болса, Пласидо Доминго Димаштың талантына таңданысын жасырмады. Тіпті опера әншісі Димаш Құдайбергенге дуэт шырқауға ұсыныс білдірген болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер