Маңғыстауда қырылған аққу саны 1018-ге жетті

2248
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстауда қырылған аққу саны 1018-ге жетті. Бұл туралы Маңғыстау әкімдігінің баспасөзі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Маңғыстауда аққулардың қырылуына құс тұмауы себеп болған. Орнитологтар мен жергілікті мамандардан құралған жұмыс тобы осындай қорытындыға келді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері мен аққулардан басқа құстардың зардап шекпеуі бұған дәлел”, - дейді мамандар.

Бүгінде қырылған аққу саны - 1018-ге жетті. Оның 40 шақтысы Қарақия ауданындағы теңіз жағалауынан, қалғандары «Қаракөл» көлінен табылған. Жалпы аймақта соңғы санаққа сәйкес, 50 мың аққу қыстап жатыр. Соның 2 пайызы өлген. Өңірде үй құстарының арасында құс тұмауы тіркелген жоқ. Десе де, қосалқы шаруашылықтардағы үй құстарына мониторинг жалғасып жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер