Майқайың апаты. Екінші аптадан асса да 2 адамнан хабар жоқ

1306
Adyrna.kz Telegram
Павлодар облыстық ТЖМ
Павлодар облыстық ТЖМ

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданында құлаған автобустың асты шұңқыр болуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице министрі айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Майқайыңалтындағы" қазу жұмыстары бүгінше тоқтатылды. Бүгін тағы табылмады. Түнде қазу экскаватор үшін қауіпті. Бүгін ТЖ вице министрінің айтуынша, автобустың асты шұңқыр болуы мүмкін”, деп жазды оқиға орнынан журналист Оңғар Қабден сәрсенбі күні.

Әзірге автобустың нөмірі, сөмке, құтқарушылардың жұмыс құжаттары мен автобустың шанақ бөлшегі табылған. Сондай-ақ, кинологтар түсірген ит автобус жатыр деген жерден үріп белгі берген.

Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, Майқайың кенішінде шұңғырға түсіп кеткен автобустағы 2 адам тірі болуы мүмкін.

“Оң болжам бар. Бірақ әзірге нақты күні мен уақытын айта алмаймыз. Жағдай күрделі, мұндай операция бұрын болмаған. Өте мұқият жұмыс істеу керек”, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні «Майқайыңалтын» АҚ аумағында Майқайың шахтасының шахтасына жақын жерде төрт жолаушы мінген автобус ойыққа құлап кеткен болатын. Одан бері он төрт күн өтті. Қазу жұмыстары жүріп жатыр.

Пікірлер