Қазақстанның үш облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды

1074
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

3 облыста республикалық маңызы бар жолдардың 6 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы QazAvtoJol-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысы – 1 секция

1. Алматы – Ташкент – Термез 159-238 км, Кенен ауылы – Қайнар ауылы учаскесі. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км. Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатысты. Аймақта – жел, жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі, көру мүмкіндігі шектеулі.

Батыс Қазақстан облысы – 4 секция

1. Самара – Шымкент 195-251 км, Ресей Федерациясымен шекаралас учаске – Орал – 56 км (Ресей Федерациясындағы ауа райының нашарлауына байланысты);

1. Самара – Шымкент 195-251 км, Ресей Федерациясымен шекаралас учаске – Орал – 56 км (Ресей Федерациясындағы ауа райының нашарлауына байланысты);

2. Орал – Тасқала – РФ шекарасы 4-104 км, Орал қаласы – РФ шекарасы – 100 км (боран, көру мүмкіндігі шектеулі). Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады;

3. Чапаево – Жалпақтал – Казталовка 0-213 км, Чапаево ауылы – Казталовка ауылы – 213 км;

4. Подстепное – Ресей Федерациясының шекарасы 0-36 км, Подстепное ауылының учаскесі – Федоровка ауылы – 36 км. Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысы – 1 секция

1. Булаево – Возвышенка – Мологвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское 62-228 км, Возвышенка ауылының учаскесі – Рощинское ауылы – 166 км. Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатысты (боран).

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарда 450 бірлік техника мен 738 адам жұмыс істеуде.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер