Жетісу облысында мәслихат депутатын өлтіріп кеткен

3056
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысында мәслихат депутаты Дәурен Исламов пышақ жарақатынан қайтыс болды. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оқиға 15 қаңтар күні сағат 15:25-те болған. Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде масаң күйдегі ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Полиция күдіктінің 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады. Тәртіп сақшылары келгенге дейін күдікті жұмысшыларға жақтасқан 34 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салып үлгерген. Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстады. Алайда зардап шегуші алған жарақытының салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Күдікті Алакөл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ааталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қатар қылмыстық іс қозғалды.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер