Қаңтар оқиғасына қатысты 1396 адам сотталған

2252
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Егемен Қазақстан
Сурет: Егемен Қазақстан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы үшін 1396 адам сотталған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Қаңтар оқиғасын тергеп-тексеруге жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлаймыз, сондықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес ақпарат жария етілмейді. Осы оқиғаларға қатыстылығы туралы жеткілікті дәлелдер алынған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бүгінгі күнге дейін 1396 адам сотталды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұйымдастырғаны үшін 574 адам, оның 12-сі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны үшін сотталды.

Сондай-ақ департамент қайғылы оқиғалар аясында 2960 қару ұрланғанын, оның 1 мыңнан астамы табылғанын, қалған қару-жарақ әлі іздестіріліп жатқанын хабарлады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер