Өмірі қыл үстінде. Қостанайлық жүргізуші полицей көлігіне әдейі соқтығысқан

2227
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда такси жүргізушісі өзін құтқару үшін полиция көлігіне соғылды, деп хабарлайды “Адырна” порталы.

«Қостанайда полицейлер такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру  қылмыстық жауапкершілігі тартылады», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметінше, 7 қаңтарға қараған түні Рудный қаласының екі тұрғыны таксимен облыс орталығына барған. Содан кейін жолаушы такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етіп, оны басқа елді мекенге жеткізуін талап еткен.

«Полиция көлігін көрген такси жүргізушісі назар аударту үшін әдейі соқтығысқан. Жағдайды пайдаланып, ол қауіпсіз қашықтыққа қашып кеткен. Осы кезде күдікті оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ оны патрульдік полиция қызметкерлері ұстады»,- делінген хабарламада.

Қылмыстық іс «Тонау әрекеті» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство ешкім зардап шекпегенін атап өтті. Қызметтік автокөлікке жеңіл материалдық залал келтірілген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер