"Әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді". Теннисші Елена Рыбакина тағы да жеңіске жетті

1475
Adyrna.kz Telegram
фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина Австралияда өткен турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Елена Рыбакина Австралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 сериясы турнирінде жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Финалдық кездесуде қазақстандық спортшы беларусь теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Арина Сабаленконмен сайысып, жеңіске жетті.

25 минутқа созылған бірінші сетте есеп 6:0 болған. Ойын соңында есеп 6:3 болып, қазақстандық спортшы қарсыласын жеңді.

Теннис федерациясының баспасөз қызметі:

"Рыбакина өзінің мансабындағы алтыншы чемпиондық атағын жеңіп алды (2023 WTA 1000 Indian Wells, WTA 1000 Rome, 2022 Grand Slam Wibledon, 2020 WTA 250 Hobart және 2019 WTA Бухарест). Брисбендегі жеңісінің арқасында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 220 мың АҚШ долларын сыйақыға, 500 рейтингтік ұпайға ие болды және әйелдердің жаңартылған әлемдік рейтингінде 3-орынға көтеріледі", - деді.

 

Пікірлер