"Күнә". Шымкенттегі мешіттердің бірінде қымбат сырт киім ұрланды

2740
Adyrna.kz Telegram
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Шымкентте мешіттен 800 мың теңгенің сырт киімін ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.

Шымкенттік азамат қаладағы орталық мешіттің бірінде сырт киімін белгісіз біреудің ұрлағанын айтқан. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасымының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ұрлық туралы арызы бойынша тергеуді бастады.

Мешітке келген ер адам сырт киімін ілгішке ілген. Сырт киімінің құны - 800 мың теңге.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы “ұрлық” бойынша тіркеп, күдіктіні жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті.

Полицейлер "ізін суытуға" асыққан бір күдіктіні анықтаған.Күдікті қала аумағында жалдамалы пәтерлердің бірінде қолға тұскен.

Қазір қымбат күртеше иесіне қайтарылғаны айтылуда. Ал күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер