"Тәулік бойы, үздіксіз". Павлодарда шұңқырға түсіп кеткендерді іздеу жұмыстары жалғастырылуда

2256
Adyrna.kz Telegram
Павлодар облысы ТЖД
Павлодар облысы ТЖД

Павлодарда шұңқырға түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жолаушыларды іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

"Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарының қарқыны туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлімдеді.

“Кеше опырылған жердің түбіне техниканы түсіру үшін өткел дайындау басталды. Бұл жұмыстарға 3 экскаватор, 2 тиегіш, 2 бульдозер жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізілуде. 5 мың текше метрге жуық топырақ пен тау жыныстары қазылып, шығарылды”, - деп хабарлады басшы.

Іздеу жұмыстарына барлығы 134 адам, 37 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында Павлодар облысы Баянауыл ауданында, Майқайың кенішінің маңында төрт жолаушысы бар автобус шахта маңындағы шұңқырға құлап кеткен болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер