БАҚ: Есірткі ісіне орай Алматы әуежайы топ менеджері күдікке ілінді

1488
Adyrna.kz Telegram
Сурет: airportsonline.info
Сурет: airportsonline.info

Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті - әкімшілік департаменті басшысының орынбасары - түрік топ-менеджері Уфук Сертті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері есірткі ісі бойынша ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеме жасай отырып.

«Бүгін Алматы әуежайында есірткі ісіне байланысты тінту жүргізілді, әуежай басшылығы орналасқан штаб-пәтерде тергеу шаралары жүргізіліп - Уфук Сертке сұрақтар туындады, ол ұсталды», - деп хабарлады жұмада ҚазТАГ.

Мәліметтерге сүйенсек, бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 4-ші басқармасы (экономикалық қауіпсіздікке жауапты) жүргізіп жатыр және осы іске қатысы бар бір топ адамның ұсталғаны туралы айтылуы мүмкін.

Айта кетейік, әуежай топ менеджердің ұсталғанын жоққа шығарды, бірақ әуежайдың баспасөз қызметі қазіргі уақытта «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ тергеу аясында уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын, тергеу аяқталғаннан кейін ақпарат беретінін хабарлады.

Сондай-ақ қызметтік тексеріс те жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер