Қазақстандық боксшының нокауты 2023 жылдың үздігі деп танылды

4949
Adyrna.kz Telegram

Кәсіпқой боксшы Асқат Жантұрсынов (6-1, 5 КО) қарсыласын нокаутқа түсіріп, UBO нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздігі атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуірде 29 жастағы қазақстандық түрік боксшысы Сердар Сиринді (4-2-1, 1 КО) жеңген болатын. Стамбулдағы (Түркия) сегіз раундтық жекпе-жек екінші раундта аяқталды.

"Бұл биылғы жылдың ең оңай жүлдесі болса керек! Қазақстандық Асқат Жантұрсынов екінші раундта жеңілмеген жергілікті боксшы Сердар Сиринді нокаутқа түсіріп, ауыр салмақта UBO бойынша Азия чемпионы атағын жеңіп алды" - делінген ұйымның Instagram парақшасында.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) керемет нокауты 2023 жылдың Үздік номинациясына ұсынылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер