Тоқаев Куба президентін азаттық күнімен құттықтады

2050
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы және өз атынан Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудесті және Куба халқын азаттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетсек, 1 қаңтар – Куба Республикасының азат болу күні. 1959 жылдан бері кубалықтар осы күнді атап өтеді.

"Егемендік пен теңдікті бәрінен жоғары бағалайтын еліңіз бүгінде өзінің саяси және экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Отандастарыңызға әрі қарай да өз мақсаттарына қол жеткізуге тілектеспін. Қазақстанның Кариб бассейніндегі ең жақын және сенімді серіктесі Кубамен екіжақты қарым-қатынасымыз алдағы уақытта да халқымыздың игілігіне тереңдей түсетініне сенімдімін", –  делінген жеделхатта.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер