Илон Маск тағы да ең бай адам атанды

1367
Adyrna.kz Telegram

Tesla Inc басшысының байлығы бір жыл ішінде 92 миллиард долларға өскен, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде - Bloomberg миллиардерлер индексінде бірінші орынды иеленді.

Сонымен 229 миллиард доллар есебімен Илон Маск бірінші орында түрған Louis Vuitton Мoët Hennessy компаниялар тобының президенті Француз Бернард Арноны басып озды. Оның байлығы 17 миллиард долларға өсіп, 179 миллиард долларға бағаланады.

Үшінші орында Amazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы, Blue Origin аэроғарыштық компаниясының құрушысы және иесі және The Washington Post баспа үйінің басшысы Джефф Безос тұр. Оның есепшоты 177 миллиард долларды құрайды.

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс пен корпорацияның бас директоры Стив Балмер әлемдегі ең бай адамдардың бестігін түйіндейді.

Айта кетейік, аталған тізімде америкалықтар көп.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер