Сот Дина Таңсәріні қамау туралы шешім шығарды

3864
Adyrna.kz Telegram
Фото: vox populi.kz
Фото: vox populi.kz

Өскемен қаласының тергеу соты «НемолчиKZ» қорының президенті Дина Смаилованы (Таңсәрі) қамауға алу туралы үкім шығарды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

16 қазанда Өскемен полиция басқармасы құқық қорғаушыға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.

«2023 жылдың 28 желтоқсанында Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты Д.Б.Смаиловаға қатысты оны ұстаған сәттен бастап 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді»,—делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дина Таңсәрінің адвокаты Гүлнара Жуаспаева шешімге шағым түсіретінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Дина Таңсәріге алты қылмыстық іс қозғалып, оның екеуі "Алаяқтық" бабы бойынша тергеліп жатқаны белгілі болған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер