Қазақ энциклопедиясының негізін қалаған

2446
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін - әдебиет зерттеуші, жазушы Мұхамеджан Қаратаевтың туған күні.

Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, төраға қызметін атқарған Мұхамеджан Қаратаев қазақ әдебиетінің проблемаларын зерттеп, түрлі еңбек жазды.

Оқу орнында оқытушы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, бас редактордың орынбасары, директор, Қазақ КСР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, кеңесшісі болған Қаратаевқа  1938-1951 жылдары жалған айып  тағылып, саяси қуғынға ұшыраған.

Ол алғашқы әрі ең ірі қазақ тіліндегі әмбебап энциклопедия болып саналған Қазақ кеңес энциклопедиясының негізін қалаған.

Қазақ КСР ғылым академиясы құрастырған энциклопедияның 12 томы 1972—1978 жылдары басылып шығады.

Қазақ әдебиетінің сарапшы-зерттеушісі «Туған әдебиет туралы ойлар», «Шеберлік шыңына»,  «Эпостан эпопеяға», «Революция рухымен» сынды романдарды жазған. Одан бөлек, көркем аудармаға да елеулі ең сібірген тұлға.

Көркем аударма теориясын дамытуға қызу атсалысып, қазақ әдебиетін орыс тіліне, орыс  тілінен қазақ тіліне аударудың негізгі мәселелері жайында сүбелі еңбектер жазды.

Пікірлер