Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар азаймай тұр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
ДДҰ мәліметінше, 20 қарашадан 17 желтоқсанға дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 850 мыңға жеткен. Яғни 1 айда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 52%-ға артқан.
Ұйымның мәліметінше, өлім саны алдыңғы 28 күндік кезеңмен салыстырғанда 8% - ға төмендегені анықталды.
"2023 жылдың 13 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін COVID-19 салдарынан 118 мыңнан астам адамды ауруханаға жатқызу және қарқынды терапия бөлімшелеріне 1600-ден астам ауруларды ауруханаға жатқызу дерегі тіркелді", - деп хабарлайды ДДҰ.