Мереке қарсаңында Панфилов ауданының әкімі Тәуелсіздікке жаңа смартфон сыйлады

1253
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Панфилов ауданының әкімі Тәуелсіздік деген есімді балаға жаңа смартфон сыйлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісу облысының тұрғындары Нүсіповтер Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай тұңғыш балаларына Тәуелсіздік деген есім берген. Бүгінде Тәуелсіздік Батырбекұлы 12 жаста. Баланың әкесі ұлына Тәуелсіздік деп есім беруінің мәнісін түсіндірді.

"1986 жылғы желтоқсан оқиғалар кезінде көп жас қаза тапты, олардың екеуі біздің Панфилов ауданынан болады. Ләззат Асанова Ақжазық ауылында дүниеге келген (қазір Айдарлы), мектепті бітіргеннен кейін музыкалық училищеге түсіп, 1986 жылы желтоқсанда түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Кейін шындықтың беті ашылып, ол сол қатал күндердің символына, қаһарманына айналды. Ербол Сыпатаев біздің ауылдан шыққан. Ол Алматыда энергетика институтының 2-ші курсында оқып жүрген. Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңда болып, сол кездегі қырғында қаза тапты. Міне, осы және басқа да көптеген өрімдей қыз-жігіттер бүгінгі еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігіне соқпақ жол салып берді", – деді Батырбек Нүсіпов.

12 жастағы 7-сынып оқушысы аудан басшысы да атаулы датада елеусіз қалдырмауды жөн санаған. Панвилов ауданының әкімі  Тәуелсіздікке су жаңа смартфон сыйлады.

Пікірлер