Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің бес облысында жол жабылды

1863
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктерге шектеу қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ҚазАвтожол АҚ ауа-райының нашарлауына байланысты республиканың 5 аймағында жол жабық екенін хабарлады.
Қазір ауа температурасы төмендеп, боран соғып, жолдар көрінбей тұрғандықтан республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктерге шектеу қойылған. Олар:

"Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрылыс ауылы мен Жамбыл облысының шекарасындағы жол учаскесінде жол жабық.

"Ақтөбе-Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)" 712-893 км, Жанбай кенті мен Ресей Федерациясының шекарасына дейін көліктің барлық түріне жүруге болмайды.

Жамбыл облысында ауа райының нашарлығына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" бағытында 59-143 шақырымы, Жаңақұрылыс ауылы - Жамбыл облысының шекарасындағы учаскеде көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылған.
Ал Жамбыл облысында 4 учаске, 505 км жол жабылған:
1. "Алматы-Ташкент-Термез" Кенен және Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) - 95 км;
2. "Шу-Қайнар" учаскесінің 56 км;
3. "Алматы-Ташкент-Термез" км. 239-593, Қайнар ауылы мен Түркістан облысы шекарасында - 354 км;
4. "Алматы-Ташкент-Термез" бағытындағы 143-238 км, Алматы облысы - Қайнар ауылы арасындағы учаскелерде көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылған.
Жетісу облысында Көктұма және Достық станцияларының арасы, " Үшарал – Достық" уческесінде 100 км жол жабық. Бұл аймақта бұрқасын қар, көктайғақ болып тұр.
Түркістан облысында да "Алматы-Ташкент-Термез" 593-654 км, Жамбыл облысының шекарасы мен Машат ауылы - 61 шақырымында көліктің барлық түріне шектеу қойылды.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 357 техника жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты Жамбыл облысында көліктер мен пойыздар жолда қалып, төтенше жағдай жарияланған болатын.
Пікірлер