Ресейдің кесірінен. Қырғызстан мен Тәжікстан компаниялары санкцияға ілікті

1153
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік департамент Ресейге Украинадағы қақтығысты жалғастыру үшін пайдаланылған құрал-жабдықтар мен ресурстарды жеткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың санкциялық тізімін кеңейтті. Бұл туралы АҚШ қаржы министрлігінің ресми сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Американың Қаржы министрлігі Ресейдің әскери-өнеркәсіптік базасын қамтамасыз ететін 150-ден астам жеке және заңды тұлғаларға, ал Мемлекеттік департамент 100-ден астам заңды және жеке тұлғаларға, соның ішінде үшінші елдер арқылы санкциялардан жалтарғандарға қарсы санкциялар енгізді.

«Кремль тұрақты түрде Ресейді соғыс уақытындағы экономикаға айналдыруда, бірақ Путиннің соғыс машинасы тек отандық өндіріспен өмір сүре алмайды. Бүгінгі біздің санкцияларымыз Ресейге өзінің әскери өнеркәсіптік базасын құру және қолдау үшін өте қажет ресурстармен қамтамасыз ететін үшінші тарап жеткізушілері мен желілеріне бақылауды күшейтуді жалғастыруда», - деді АҚШ Қаржы министрі Джанет Л. Йеллен мәлімдемесінде.

Жаңа санкция тізіміне Ресей, Қытай, БАӘ, Түркия, Сингапур, Мальдив аралдары және Кипр өкілдерімен бірге Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері кірді.

Қырғызстаннан келген Weitmann Handeln Allianz (Weitmann) компаниясы шетелдік клиенттерге, соның ішінде ресейліктерге жеткізу, логистика және кедендік ресімдеу бойынша қызметтерді атқарады. Атап айтқанда, компания Ресейге деректерді автоматты түрде өңдейтін компьютерлер мен дискілерді сақтау құрылғыларының жүздеген партиясын жіберді.

Ал тәжікстандық «Кафолати Комил» компаниясы БАӘ арқылы Ресейге шетелдік авиацияның қосалқы бөлшектерін жөнелткені үшін санкцияға ұшырады.

Пікірлер