Тараз қаласында Генерал Нұрмағамбетовтың бюсті орнатылды

2776
Adyrna.kz Telegram

Тараз қаласындағы №10 мектепте бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов бюстінің ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шара танымал әскери көшбасшының 25 мамырда атап өтілетін 95 жылдығына арнайы орайластырылды.

Бюстің ашылу салтанатына Нурмагамбетовтың балалары қатысты: оның баласы, зейнеткерліктегі медицина қызметінің генерал-майоры Талғат Нұрмағамбетов, қызы Айсұлу және немересі Саук. Олар Нұрмағамбетов қорына, Жамбыл облысының әкімдігіне, мектеп басшылығына және оқушыларға іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

Жиналғандар алдында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың қоластында қызмет атқарған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бірінші қолбасшысы запастағы генерал-майор Алихан Джарбулов сөз сөйледі. Қарулы Күштердің ардагері айтқандай тәуелсіз Қазақстанның өз Қарулы Күштерінің қалыптастыру кезеңінде әскери тәжірибесі мен командалық жұмыста тәжірибесі мол Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов ең лайықты кандидат болатын.

Армия генералы Нұрмағамбетовтың тағайындалуы Қазақстанның Қарулы Күштерінің одан әрі дамуын айқындады. Сол кездегі басты міндет армияны құру және сақтау болды.

Сондай-ақ, генерал Джарбулов жақында Тараз қаласындағы 13 мөлтекауданда жаңа көшеге Нұрмағамбетовтың есімі беріліп, аңызға айналған әскери көшбасшы құрметіне ескерткіш тақта қойылғанын еске салды.

Қазірде Таразда мектеп оқушылары үшін үлгі бола алатын Сағадат Нұрмағамбетов атындағы мектеп жұмыс істейді. Жас ұрпақ өздерінің өткен тұлғаларының байлығын бағалай біліп, қорғай алады. Әйгілі генералдың қазақ армиясының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайды.

№10 орта мектептің директоры Бауыржан Бектұрғанов мектепке Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрінің атын тағайындау және оның бюстін орнату – бұл мектеп оқушылары үшін үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Барлық іс-шаралар міндетті түрде Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрінің мөрі басылған мектептің Туын алып өтумен өтетін болады.

Пікірлер