Қазақстанда дәрі-дәрмек, аяқ киім және интернет бағасы қымбаттады

2483
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 2023 жылғы қарашада сырт киім мен аяқ киім бағасы 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 10,4 пайызға және 13,1 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Бірінші кредиттік бюросына (БКБ) сілтеме жасап.

«Қарашада сырт киім мен аяқ киім бағасы тиісінше 1,1 пайызға және 1,3 пайызға қымбаттады. Жалпы, бір жыл ішінде сырт киім 10,4 пайызға, аяқ киім 13,1 пайызға қымбаттады», — делінген PKB – Data Hab Telegram арнасындағы хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, қарашада дәрі-дәрмек бағасы 1,2 пайызға қымбаттады: аспирин – 6,9 пайызға, парацетамол – 3,6 пайызға, йод – 3,1 пайызға.

Сондай-ақ интернетке қосылу үшін абоненттік төлем 1,9 пайызға, автокөліктер – 2,2 пайызға, қияр – 42,1 пайызға, қызанақ – 39 пайызға өсті, дизель отынының бағасы 1 пайызға арзандады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер