Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады

3329
Adyrna.kz Telegram
Сурет: planetofhotels.com
Сурет: planetofhotels.com

Алматыда метрополитеннің үшінші кезегінің құрылысы аясында 2025 жылы «Қалқаман» метро станциясы салынады. Ол жолаушылар санын тәулігіне 20 мың адамға арттырады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әкімнің орынбасары 2030 жылға дейін «Барлық» базарына дейін тағы үш станция салу жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Алдағы уақытта «Батыс» автовокзалы, LRT және метрополитен станциялары кіретін ірі мультимодальды көлік торабы құрылады. Ұзындығы 3,1 шақырым болатын «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станциялары іске қосылса да, күн сайын жолаушылар ағыны артуда»,—деді ол.

Сондай-ақ Асқар Әмрин бүгінде халықтың тығыздығын ескере отырып, көлік құрылымы әзірленіп жатқанын мәлім етті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер