«Еуропалықтар есінен тануда». Қазақстандық депутат мәжіліс отырысында ауыз су мәселесін алға тартты (ВИДЕО)

1769
Adyrna.kz Telegram

Бүгін мәжіліс отырысында қос депутат ауыз су мәселесін бірден көтерді. Мәжілісмендердің пікірінше, дабыл қағатын кез келді, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Атап айтқанда, депутат Сергей Пономарев қазақ халқының өзінде суға ысырапшылықпен қарау жетіспейтінін  айтты. Сөзін нақтылау үшін ол мысал келтірді:

"Біз тістерімізді тазалау кезінде жалпы алғанда минутына 10 литр сұйықтық жұмсаймыз. Көпшілігіміз қырыну үшін шүмекті ашпай-ақ 50 литр төгеміз. Бұл дегеніміз жүздеген ауыз су бөтелкесі", - деді ол. дастархан үстінде тұрған су бөтелкесін көрсетіп.

Депутат сондай-ақ суды нормадан артық тұтынған кезде қазақстандықтар әр литрі үшін көбірек төлеуі керек деп есептейді. Бұл жауапты су тұтыну мәдениетін қалыптастыру үшін қажет деп санайды.

"Еуропалықтар біздің ауыз сумен көлік жуып жатқанымызды көргенде есінен танып қалады! Бізден басқаның бәрі шошиды!" – деп атап өтті Пономарев.

Пономарев БҰҰ-ның болжамына сілтеме жасап, Қазақстан алдағы 15 жылда қатты су тапшылығын бастан кешіретінін айтты. Ал 2050 жылға қарай су жетіспеушілігі үш есеге артады дейді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер