48 миллион теңге. Семейде пойыз қызметкерлерінен ақша өндірген блогер ұсталды

1809
Adyrna.kz Telegram

Семейде полицейлер пойыз қызметкерлерінен ақша бопсалаған алаяқты ұстады. Оның қолынан 60 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, алаяқ бұған дейін де бірнеше рет сотталған екен. Ол бірнеше жыл бойы өзін блогер ретінде көрсетіп, ар-намысына тиетін бейнематериалдарды таратамын деп қорқытып, пойыз жұмысшыларынан ақша бопсалаған.

«Ол жолаушы атын жамылып, пойызға мініп, жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтарды ұялы телефонына жазып алған, содан кейін оларды таратамыз деген желеумен және физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, ақша бопсалаған», - дейді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ДБОП өкілі Қуандық Алпыс.

Зардап шеккендер бопсалаудан қорқып, полицияға хабарласпаған.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына «сигнал» түсе бастағаннан кейін ғана сотталушының заңсыз әрекеті тоқтатылды. Сот санкциясымен шабуыл жасаған адам ұсталып, қамауға алынды», - деп қосты Қуандық Алпыс.

Алаяқ үш жыл ішінде 48 миллион теңге тапқан. Полицейлер қылмыстық істі сотқа жолдап үлгерді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер