Қошанов зорлық-зомбылыққа қатысты заңнама күшейтілетінін айтты

1318
Adyrna.kz Telegram

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов отбасындағы ерлердің толық үстемдігін "бұрмаланған идея" деп атап, отбасыдағы зорлық-зомбылық туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Отбасындағы ерлердің толық үстемдігі туралы бұрмаланған идея өткеннің еншісінде қалуы керек. Мектеп қабырғасынан бастап жас ұрпақтың санасына дұрыс құндылықтарды сіңіріп, халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру қажет», - деді Ерлан Қошанов Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы халықаралық конференциясында.

Төраға Қошанов гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу маңызды екенін атап өтті. Бұл мәселе жаһандық сипатқа ие - әлемдегі әрбір үшінші әйел физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықты бастан кешіреді. Әлемнің 155 елінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң бар.

Мәжіліс басшысының айтуынша, депутаттар осы саладағы заңнамалық түзету­лердің жаңа пакетін әзір­леуге кірісті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарлануда. Заң қабылданған жағдайда денсаулыққа ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айыру  қарастырылып, бас бостандығын шектеу толығымен алынып тасталады.

Сондай-ақ «харассмент» (сұғанақтық) түсінігін енгізу жоспарлануда. Қошанов әйелдердің қудалауға жиі ұшырай бастағанын, мұндай әрекеттер үшін жазаны да қатайту керектігін атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер