Ашық қалған кәріз құдығы үшін әкімдерді жазалау ұсынылды

1093
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ашық кәріз құдықтарында бала өлімі жиілегенін айтып, бүл үшін шенеуніктерді жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген және балалардың өліміне әкеп соқтыруына жол берген кінәлі лауазымды тұлғаларды тексеріп, жауапкершілікке тарту қажет деп санаймын. Мәселеге жергілікті атқарушы органдардың басшыларын да, аудан әкімдері жауапқа тарту қажет деген ойдамын», - деп жазды омбудсмен желіде.

Соңғы екі аптада Қызылорда мен Түркістан облысында 2 бала кәріз құдығына түсіп қаза болды. Екі жағдайда да құдық әкімдікке тиесілі болған.

Пікірлер