Жезөкшелікпен айналысқан 43 бойжеткен полицияға жеткізілді

2987
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Kyzdar.net сайтының 40-тан астам бойжеткені Астана полициясына жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп. Kyzdar.net сайты бұғатталып, 40-тан астам бойжеткен полицияға жеткізілген.
«Астана қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беретін тұлғаларды, сондай-ақ интимдік қызмет көрсететін тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Осылайша, операция барысында Kyzdar.net сайты арқылы жарияланған сауналар, денеге массаж жасайтын бөлмелер, интимдік қызмет көрсетілетін пәтерлер тексерілді. 43 қыз полицияға жеткізілді», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Комментарии