«Атамұра» баспасы үздік атанды

1981
Adyrna.kz Telegram

Алматыда «Ұлы Жібек Жолымен–2023» ХI Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан аумағы бойынша кітаптардың таралуына, қолжетімді болуына үлес қосу.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінің жетекші баспалары, полиграфиялық компаниялары мен кітапханаларының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жас ұрпаққа қазақ ауыз әдебиетінің жауһарлары тереңірек таныстырылды.

«Ұлы Жібек Жолымен–2023» ХI Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесінде ұлттық дәстүрде тәрбиелеуді мақсат еткен 17 кітаптан тұратын «Ұлы Дала фольклоры» топтамасы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік көркем және танымдық кітап» номинациясын қанжығасына байлады.

Ал Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбайдың «Атамұра» баспасынан шыққан «Жалғыз қарағай» атты жыр жинағы «Поэзия саласы бойынша ең үздік көркем басылым» номинациясын жеңіп алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер