Астаналық балалар арасында қызылша жұқтыру қаупі жоғары

1428
Adyrna.kz Telegram

Астана әкімдігінің хабарлауынша, қалада қызылшамен сырқаттанған науқастар саны өсуі байқалады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Сырқаттанғандардың басым бөлігі вакцинацияланбаған балалар. Балалар инфекциялық стационарында 111% - ға жуық шамадан тыс науқас жатқаны атап өтілді. Төсек сыйымдылығы 300 төсек болса, қазір ол 557 төсекке, тағы 20 реанимациялық орынға дейін ұлғайтылды.

"Көптеген ата-аналар әлі күнге дейін қызылшаның қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді. Кейбірі, өз сенімдері бойынша, балаларды вакцинациялаудан бас тартады, жалған фактілерге сүйенеді. Бірақ ауру басқа аурулардың асқынуларына қауіпті болып табылады. Болашақта қызылшамен ауырған балада мидың ісінуі, өкпенің абсцессі сияқты ауыр зардаптар, тіпті кереңдік ауруына пайда болуы мүмкін",», - дейді №6 жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Нұртазина.

Аурухананың мәліметінше, қызылшамен ауыратын реанимациядағы балалардың барлығы тыныс алу аппаратында.

«Қазір біздің ауруханаға жатқызылған балалардың 96%-ы екпе алмаған балалар, олардың барлығы да күрделі жағдайда. Алты науқас қызылшамен жансақтау бөлімінде жатыр. Төртеуінің жағдайы ауыр, екеуі өте ауыр халде. Қазір бұл балалардың ата-аналары дабыл қағып, үрейленіп, балалары үшін алаңдауда. Олар мұны балаларының жағдайы ауыр болған кезде ғана түсінгені өте өкінішті және бұл уақытта ата-аналар балаларына көмектесе алмайды», - деп атап өтті №3 МГДБ реанимация бөлімінің меңгерушісі Екатерина Булатова.

Дәрігерлер қызылшаның жалғыз алдын - алу және қорғау-бұл вакцинация екенін еске салады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер