Жыл соңына қарай Қазақстандағы инфляция ресми болжаммен сәйкес келмеуі мүмкін - ХВҚ

1095
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстандағы миссиясының жетекшісі Николас Бланше жыл аяғында Қазақстандағы инфляция ресми болжанған деңгейден асып түсуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Экономикалық белсенділік тұрғысынан біз биылғы жылы экономикалық өсімнің айтарлықтай күшті болғанын байқап, келесі айдың соңына қарай жалпы жыл бойынша өсім 4,8% болады деп болжадық. Бұл мұнай және мұнай секторларының жұмысымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар Украинадағы соғыстың салдары қатты әсер етпегенін атап өткен жөн. Инфляция төмендеп жатыр, өздеріңіз білесіздер, ақпан айында ол 21%-ға жетті, қазір 11%-дан сәл ғана төмен. Біз инфляция жыл соңына арналған болжамнан сәл асып кетеді деп ойлаймыз», - деп Бланше сейсенбі күні Астанада өткен брифингте өз болжамдарын айтты.

Бұл ретте ол инфляция 5% нысаналы көрсеткіштен жоғары сақталатынын атап өтті. Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен энергетикалық ресурстарға тарифтердің көтерілуіне байланысты ХВҚ оны оң бағалайды және құптайды, бірақ бәрібір инфляцияның жоғары деңгейде қалуына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.

«Келесі жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны біршама қалыпты болады деп күтеміз. Бұл көрсеткіш биылғыдан төмен болады. Оның басты себептерінің бірі – Теңіз кен орнын кеңейту жобасын іске асырудың кешеуілдеуіне байланысты мұнай өндіру көлемінің төмендеуі. Алдағы уақытта өсім 3-3,5% аралығында сақталады деп күтеміз. Мен шикізаттық емес өсім туралы айтып отырмын. Егер жалпы өсімді алатын болсақ, ол мұнай өндіру көлеміне байланысты әртүрлі болуы мүмкін», - деп қосты миссия басшысы.

Ол Ұлттық экономика министрлігі тарапынан Қазақстан экономикасының өсуінің неғұрлым оптимистік болжамдарына түсініктеме берді.

«Бұл белгілі бір дәрежеде ғана мүмкін. Дегенмен бұл реформаларды жеделдетуді талап етеді», - деп атап өтті Бланше.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер