Алматыда 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 2 полицей ұсталды

2689
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен 2 полицей қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарма 7 қарашада 43 жастағы алматылықтың полицияға арызданғанын мәлімдеді. Ол кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын айтқан.

«Сол күні қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2000 және 2001 жылдары туған күдіктілердің жеке басын анықтады. Тергеу нәтижелері бойынша олар қамауға алынды»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласында полиция қызметкерлері 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, ол әрекеттерін бейнежазбаға түсіргенін жазған едік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер