Министрлік жанынан екі жаңа басқарма құрылады

2656
Adyrna.kz Telegram

Су ресурстары және ирригация министрлігінің жанынан екі жаңа басқарма құрылады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

«Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан екі жаңа басқарма құрылады. Олардың бірі Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас мәселелерімен айналысады, екіншісі ҚХР және РФ-мен өзара іс-қимылға назар аударады» – делінген хабарламада.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атап өткендей, Қазақстанда суармалы жерлердің 80%-ы оңтүстік өңірде. Сондықтан Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет. Мұндай функцияларды бөлу біздің шетелдік әріптестерімізбен өзара қарым – қатынасты нығайтуға және нақты міндеттерді шешуге шоғырлануға көмектеседі.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер