Сырдария ауданында 102 жастағы қария дауыс берді

2038
Adyrna.kz Telegram
кадрдан алынған
кадрдан алынған

Қызылорда облысында 102 жастағы қария дауыс берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

5 қараша күні елімізде аудан және облыс үшін маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Еліміздің 17 облысында дауыс беру жүріп жатыр. Сайлау учаскелерінде үш қала мен 42 ауданның басшылары таңдалады.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №155 учаскесінде 2145 сайлаушы тіркелген.

Сайлау учаскесі ашылмай жатып, дауыс беруге келгендердің бірі - Яхия Тасыров. Бір ғасырдан астам өмір сүрген майдангерге шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ дауыс беруге асыққандар арасында 18 жасқа енді толған жас буын да бар.

Жергілікті учаскелік комиссия төрағасы Гүлзада Мырзабекова дауыс беруге асыққандардың көп екенін айтады.

Сайлаушыларымыз бұл қадамды ерекше қолдап, аудан келешегі үшін дауыс беріп, өз таңдауын жасауда,- дейді ол.

Еске сала кетейік, сайлау комиссиялары аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне 164 кандидатты тіркеген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер