«АрселорМитталдағы» жарылыс. 31 кенші іздестіріліп жатыр

1307
Adyrna.kz Telegram
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 16-ға жетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«АрселлорМиттал Теміртау» АҚ мәліметінше, шахтада болған 252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді. 31 кеншіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр. 16 кеншінің мәйіті табылды.

Барлығы 18 кенші емдеу мекемелеріне жатқызылды, біреуі амбулаторлық емделуге шығарылды, қалғандары ауруханада жатыр.

«Қарағандының оңтүстік-шығысындағы профессор Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада көмірқышқыл газынан уланған 15 адам бар. Бір науқас көміртегі тотығымен ауыр уланған, қалғандары жеңіл және орташа дәрежедегі уланған. Зардап шеккендердің барлығы токсикология бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.

Сондай-ақ, тағы екі адам Михайловкадағы профессор Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жатыр. Бірінің жағдайы ауыр реанимацияда, екіншісі травматология бөлімінде (операциядан кейін).

Айталық, апат орнында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр. Штаб жұмыс істейді. Қазір шахтадағы апатқа байланысты «АрселорМиттал Теміртау»АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеген болатын. Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Еске салайық, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртеніп, салдарынан бес кенші қаза тапқан болатын.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер