Аягөздегі төрт баланың қазасын әкімдік мерекеден кейін ғана растады

2946
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Абай облысының әкімдігі Аягөз қаласында болған жантүршігерлік трагедия туралы ақпаратты ресми түрде растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы abainews.kz порталына сілтеп.

Белгілі болғандай, 25 қазан күні сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарына орталық басқару орталығына Аягөз қаласындағы жеке үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы сигнал келіп түскен. 6 адамнан тұратын құтқару тобы дереу оқиға болған орынға жеткен.

Өрт сөндірушілер келген кезде бөлмелердің бірінде (жатын бөлме) 20 шаршы метр аумақта жиһаз және жеке заттар жанып жатыр. Өрт сөндіру бөлімшелері өртті сағат 11:10-да анықтап, 11:24-те сөндірді. Түтіннің шығу себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар төрт баланың денесін тапты.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті, олардың өлімінің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалды.

Облыс әкімдігі қазіргі таңда отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмектер көрсетіліп жатқанын, жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында екенін баса айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер